Көкшетауда 2 полиция қызметкеріне шабуыл жасағандар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда 2 полиция қызметкеріне шабуыл жасағандар ұсталды

Көкшетауда арнайы іздестіру шарасы кезінде полицияның 2 қызметкеріне шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды. Олар 1985 және 1984 жылғы жергілікті тұрғындар болып шықты. Күдіктілердің бірі бұған дейін істі болған. Олардың тапаншаны қолдан жасағаны және травматикалық қаруды 9 миллиметр калибрлі оқпен атуға бейімдеп, қайта құрағаны анықталды. Олар оқиға болған жерге қарудың жарамдылығын тексеру үшін келдік деп отыр. Еске сала кетсек, мамырдың 16-сы күні қолында тапаншаға ұқсас қару ұстаған азаматтарды байқаған қос полицей «ВАЗ 21-14» автокөлігінде отырған олардан мән-жайды сұрамақ болғанда ауыр жарақат алған болатын. Қазір тәртіп сақшылары облыстық аурухананың хирургия бөлімшесінде жатыр.

  • 19 Мамыр 2016
  • 315
Фото - Caravan.kz