Алдағы тәуліктерде еліміздің басым бөлігінде күн жылы болады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы тәуліктерде еліміздің басым бөлігінде күн жылы болады

Алдағы тәуліктерде еліміздің басым бөлігінде күн жылы болады

Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде күн райы жауын-шашынсыз әрі жылы болады. Синоптиктердің болжауынша, батыс және оңтүстік Қазақстанның кей жерлерінде өткінші жауын болып, найзағай ойнайды. Батыста түнде ауа температурасы күндіз 15-20 градусқа дейін, оңтүстікте 32 градусқа дейін жылиды. Солтүстік және орталық Қазақстанда түнде ауа температурасы 5 градусқа, ал күндіз 28 градусқа дейін жоғарылайды. Шығыста түнде 2-7 градус, күндіз 17-22 градус жылы болады.

  • 20 Мамыр 2016
  • 632
Фото - Caravan.kz


Саида Бердібекова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

— Ертең Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс бағыттардан соғады. Желдің күші 5-10 метр секундқа дейін жетеді. Түнгі температура 8-10 градус, күндіз 25-27 градус жылы болады.