Украинаның 33 азаматы Астана әуежайында заңсыз жұмыс істеген - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинаның 33 азаматы Астана әуежайында заңсыз жұмыс істеген

Украинаның 33 азаматы Астана әуежайында заңсыз жұмыс істеген

Украинаның 33 азаматы Астана әуежайында заңсыз жұмыс істеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметінен.

  • 21 Мамыр 2016
  • 440
Фото - Caravan.kz


«Ағымдағы жылдың 19 мамырында Астана қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Астана қаласы әуежайының аумағында шетелдік жұмыс күшін (33 адам) заңсыз пайдалану фактісін анықтады», — делінген хабарламада.

Тексеру кезінде ұсталған азаматтардың барлығы Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсаты жоқ Украина азаматтары екені анықталды. Осы арқылы жұмыс беруші шетелдік жұмыс күші мен еңбек иммигранттарын ҚР-ға тарту ережелерін бұзып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 519-бабы бойынша 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.