РИА Новости хабарлағандай, Ердоған Дәуітоғлыдан жаңа үкімет жасақталғанға дейін қызметін атқаруды сұраған.
Осыған дейін биліктегі Әділет және даму партия кезектен тыс съезде өзінің жаңа төрағасын сайлаған болатын. Ол орынға Түркия көлік, кеме шаруашылығы және коммуникация министрі Бинали Йылдырым келді. Түркияда билеуші партияның басшысы міндетті түрде елдің үкіметін басқарады. Енді Ердоған Йылдырымға жаңа үкімет құруды тапсырады деп күтілуде.
Дәуітоғлы партия басшысы қызметіне өз кандидатурасын ұсынудан бас тартқан болатын.