Елбасының алдағы күндердегі іс-шаралар аңдатпасы жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасының алдағы күндердегі іс-шаралар аңдатпасы жарияланды

Елбасының алдағы күндердегі іс-шаралар аңдатпасы жарияланды

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы күндердегі іс-шаралар аңдатпасын жария етті.

  • 23 Мамыр 2016
  • 377
Фото - Caravan.kz

24 мамырда Қазақстан Президенті Астана экономикалық форумы аясында елімізге Халықаралық валюта қорының өңірлік конференциясына қатысу үшін келетін Халықаралық валюта қорының өкімші-директоры Кристин Лагардпен кездесу өткізеді.

25 мамырда Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасының негізгі даму бағыттарын, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшеліктің басымдықтарын пайдалану және еліміздің халықаралық аренадағы бастамаларын ілгерілету қадамдарын талқылау үшін Халықаралық консультативтік кеңес мүшелерімен кездеседі.

26 мамырда Нұрсұлтан Назарбаевтың IX Астана экономикалық форумына қатысуы және «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің мүшелерімен, сондай-ақ Нобель сыйлығының лауреаттарымен, халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесу өткізуі жоспарланған.


27 мамырда Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысын өткізу жоспарланған. Оның аясында Кеңес мүшелерімен — трансұлттық ірі компаниялардың басшыларымен жекелеген кездесулер өтеді.