Бинали Йылдырым, «Әділет және даму партиясының» төрағасы:
— «Әділет және даму партиясына» төраға болу абыройлы міндетін маған сеніп тапсырғандарыңыз үшін алғысым шексіз. Жауапкершіліктің үдесінен шығуға барымды саламын деп сөз беремін. Партиямыз 13 жыл бойы еліміздің көлік және коммуникация, білім мен ғылым, медицина салаларында ауыз толтырып айтарлық маңызды реформаларды жүзеге асыра білді. Қазір оның жемісін көріп келеміз. Келешекте де бұл бағыттағы қызметіміз үздіксіз жалғаса береді деп сендіргім келеді.