Арнайы іс-шара кезінде Қазақстанға заңсыз келген 1,6 мың адам елден шығарылды - ҚР ІІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арнайы іс-шара кезінде Қазақстанға заңсыз келген 1,6 мың адам елден шығарылды - ҚР ІІІМ

Арнайы іс-шара кезінде Қазақстанға заңсыз келген 1,6 мың адам елден шығарылды - ҚР ІІІМ

Елімізде16-20 мамыр аралығында «Заңсыз келуші-2016» операциясының бірінші кезеңі өткізілді.

  • 23 Мамыр 2016
  • 291
Фото - Caravan.kz

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеріс уақытында Қазақстанда болу ережесін бұзғаны үшін 17 мың шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттардың шешімдерімен елімізден 1 635 адам шығарылып жіберілді, оның ішінде 83 адам азаматтық сот өндірісі тәртібінде шығарылды. 

Шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережесін бұзғаны үшін 1 735 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Іздестіруде жүрген  80 адам, оның ішінде алыс шетелдің  2 азаматы және ТМД-ның 5 азаматы ұсталды.


Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде 187  қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.