Үлкен Алматы көлінде суретке түсіруге тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үлкен Алматы көлінде суретке түсіруге тыйым салынды

Үлкен Алматы көлінде суретке түсіруге тыйым салынды

Үлкен Алматы көлінде суретке түсіруге тыйым салынды. Бұл туралы Фейсбук әлеуметтік желісінде фотограф Олег Белялов жариялады.

  • 23 Мамыр 2016
  • 374
Фото - Caravan.kz

«Бүгін Үлкен Алматы көлінде, бірінші рет суретке түсіруге тыйым салынды.. Табиғаттың жауы — фотограф екен», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары бұл тыйымның нендей мағына білдіретінін түрліше жоспарлауда. Олардың бірі «паркті біреу жекешелендіріп алды» десе, екіншісі «төтенше жағдай салдарынан» деп жорамалдауда.

Осы оқиға бойынша қалалық табиғат және табиғи ресурстарды пайдалану басқармасынан түсініктеме алу мүмкін болмады.