Бразилия түрмесіндегі бүлік: 14 адам ажал құшты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бразилия түрмесіндегі бүлік: 14 адам ажал құшты

Бразилия түрмесіндегі бүлік: 14 адам ажал құшты

Бразилияның Сеара штатының екі түрме кешеніндегі бүлік салдарынан 14 адам мерт болды.

  • 24 Мамыр 2016
  • 403
Фото - Caravan.kz

Қаза тапқандардың жасы 21 мен 46-ның аралығында, әзірге өлтірілген 14 адамның сегізінің тұлғасы танылды.

Түрмеге қамалғандардың арасындағы қақтығыстар өткен демалыс күндері Бразилияның пенитенциарлық жүйесі қызметкерлері жариялаған ереуілден кейін басталды, деп атап өтті Diario Correo порталы.

Полицияның бүлікшілерді тыныштандырудағы іс-қимылдарының нәтижесінде түрмелердің бірінен жерасты туннелі табылды, алайда түрмеге қамалғандардың қашқаны туралы ақпарат келіп түскен жоқ.