Н.Назарбаев «СИТИК Групп» корпорациясының президенті Ван Цзюньді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев «СИТИК Групп» корпорациясының президенті Ван Цзюньді қабылдады

Мемлекет басшысы «СИТИК Групп» корпорациясының президенті Ван Цзюньді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Кездесу барысында қазіргі бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, сондай-ақ өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттары қарастырылды. Мемлекет басшысы мұнай және газ саласын Қазақстан мен Қытай серіктестігінің жетекші саласы ретінде атай отырып, еліміз «СИТИК Групп» корпорациясымен біраз уақыттан бері табысты ынтымақтасып келе жатқанын айтты. В.Цзюнь Нұрсұлтан Назарбаевқа республикамыздың құрылыс және мұнай-газ саласының одан әрі дамуына ықпал ететін түрлі жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

  • 24 Мамыр 2016
  • 300
Фото - Caravan.kz