И.Тасмағамбетов: Кінәлі адамдар лайықты жазаларын алуы тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
И.Тасмағамбетов: Кінәлі адамдар лайықты жазаларын алуы тиіс

И.Тасмағамбетов: Кінәлі адамдар лайықты жазаларын алуы тиіс

Бүгін, 24 мамырда ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Алматы облысындағы Сарыөзек гарнизонын тексеруге барды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты хабарлайды. Тексеріс кезінде оқу-жауынгерлік даярлық, әскери бөлімдердің жазғы оқыту кезеңіне әзірлігі мәселелері қаралды. Сондай-ақ мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің қаза болу дерегі егжей-тегжейлі талқыланды. Оқиғаның себептері жоғарыда аталған бөлім лауазымды адамдарының әскери қызмет өткеру барысында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды елемеуі салдарынан болды. «Әдетте әскерлерде орын алатын қайғылы оқиғаларда қауіпсіздік шараларының бұзылуы, бақылаудың болмауы және лауазымды адамның немқұрайлығы себепкер болады», - деді сын көзбен көшпелі кеңес кезінде сөз сөйлеген қорғаныс ведомствосының басшысы. Кеңесті қорытындылай отырып, Қорғаныс министрі «Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғаны өте дұрыс және барлық кінәлі адамдар лайықты жазаларын алуы тиіс», - деп ойын түйіндеді. Тексеріс аяқталғаннан кейін кадрлық және тәртіптік шешімдер қабылданады.

  • 24 Мамыр 2016
  • 379
Фото - Caravan.kz


Естеріңізге сала кетсек, 21 мамыр күні 12740 әскери бөлімінде парк-шаруашылық күні өткізілген болатын. Оның аясында бөлім, ұрыс машиналары паркінің аумағында, бөлімшелердің ішінде жұмыстар ұйымдастырылды. Ғимаратты бөлшектеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде құрылыстың бөлігі опырылып түседі. Соның салдарынан құрылыс элементтерінің бірі сол маңайда тұрған 12740 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгері Е.Жақашевтің үстіне құлайды. Нәтижесінде қатты жарақаттан әскери қызметші Сарыөзек кентінің лазаретінде көз жұмады.