Елордадағы №75 гимназияның салтанатты шарасында БҒМ басшысы бірінші кезекте мектеп түлектеріне қарата сөз айтты. "Сіздер жаңа әлемге қадам басасыздар. Бұл әлем тіпті басқа болады — меніңше, университеттің бірінші курсында сезесіздер. Бар айтқым келетіні — сіздер керемет мектепті тәмамдадыңыздар, жақсы білім алдыңыздар. Барлығыңызға ҰБТ-да сәттілік тілеймін, елдің, шетелдің үздік ЖОО-ларына түсуді тілеймін. Керемет мамандық таңдауларыңызға тілектеспін. Біздің ұлы ғалымдарымыз, ұлы жазушыларымыз, ұлы инженерлеріміз болсын", — деді Сағадиев.

Айта кетейік, №75 мектеп-гимназияны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың 1 қыркүйегінде ашқан болатын. Гимназияда "Эрудит" деп аталатын ғылыми қоғам бар, мұнда оқу-білімге мотивациясы жоғары деңгейдегі балалармен жұмыс жүргізу қолға алынған.
Толығырақ:https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kr-blm-jane-gyilyim-ministr-okushyilardyi-songyi-konyiraumen-269936/