Мұхамедиұлы қырғыздар туралы теріс қабылданған сөздері үшін кешірім сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхамедиұлы қырғыздар туралы теріс қабылданған сөздері үшін кешірім сұрады

Мұхамедиұлы қырғыздар туралы теріс қабылданған сөздері үшін кешірім сұрады

  • 25 Мамыр 2016
  • 547
Фото - Caravan.kz

"Министр оның сөздері дұрыс қабылданбағаны үшін шынай кешірім сұрайды. Біз министр Арыстанбек Мұхамедиұлының қырғыз халқына үлкен құрметпен қарайтынын, оның сөздерінде біреуді ренжіту ниеті болмағанын жеткіземіз", — делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі ведомство басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы қырғыздар туралы "теріс қабылданған сөздері үшін" шынайы кешірім сұрайтынын хабарлайды.

БАҚ-та хабарланғандай, Мұхамедиұлы дүйсенбіде қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығы туралы талқылау кезінде "Мәскеуде қоғамдық дәретханаларды тазалап жүрген" қырғыздарға жаны ашитынын айтқан болатын. Бұдан кейін Қырғызстан СІМ Бішкектегі Қазақстан елшілігіне наразылық нотасын жолдады. 


Ведомстводан атап көрсеткендей, 2015 жылдың қорытындылары бойынша 23 мамырда есептік кездесу барысында қойылған сұраққа министрдің жауабы басқа сипатқа ие болды, өйткені "кейбір БАҚ-тар оның баяндамасының екі кішкентай бөлігін ғана келтірген".

"Шын мәнінде ұлы жазушы Шыңғыс Айтматовтың алдында басын ие отырып, министр оның терең ойларына назар аудартқысы келді, өйткені осы жазушының жүрегінде өз халқы туралы мыңдаған ойлар бар еді", — деп көрсетілген хабарламада.