Тәжікстан Білім және ғылым министрі Нуриддин Саид барлық мектептерде соңғы оқу күні 7 маусым деген жарлыққа қол қойды. Салтанатты жиынның орнына сабақ өтпек.
«Барлық білім беру мектептерінде 9 және 11 сынып түлектеріне арналған «Соңғы қоңырау» жиынын өткізуге тыйым салынсын», — деген жарлықтан үзіндіні келтіреді жергілікті БАҚ.