Алматыда танысын жер жастандырған екі адам 17 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда танысын жер жастандырған екі адам 17 жылға сотталды

Алматыда танысын жер жастандырған екі адам 17 жылға сотталды

Алматыда танысын жер жастандырған екі адам 17 жылға сотталды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

  • 26 Мамыр 2016
  • 215
Фото - Caravan.kz

Алматы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында адам өліміне қатысты іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, күдікті ер адам өзінің танысын таса жерге шақыртып, ішімдік ішкізген. Өз кезегінде оның танысы күдіктіге белгілі бір сомаға автобусты беруге келіседі.

Алайда, екеуінің арасында пайда болған дау-жанжалдың арты төбелеске ұласып, күдікті танысын өлтіреді.


Осы іске қатысы бар екінші адам да ұсталды.

Күдіктілердің екеуі де ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен айыпты деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айрылды.