Korean Air компаниясының Токиодан ұшқалы тұрған жолаушылар ұшағы кенеттен өртенді. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлайды. Ақпаратқа сәйкес, лайнердің сол қанаты өртенген. Оқиға барысында ұшақта болған 320 жолаушы эвакуацияланды. Қызыл жалын тез арада ауыздықталды.Тілсіз жаудан ешкім зардап шеккен жоқ.