Хиросимада Обама еске алу музейіне де бармақ. Ол американдық атом бомбалауынан аман қалғандармен де кездесуі ықтимал, деп хабарлады ТАСС.
Барак Обама — Хиросимаға барған алғашқы АҚШ президенті. 1945 жылы бұл қала Нагасакимен бірге АҚШ-тың атом бомбалауынан зардап шеккен. Ол кезде 450 мыңнан астам адам қаза тапты.
