Балалар темір жолы өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған. Ал 2013 жылы облыс орталығындағы Кривогуз және Ғазалиев көшелерін жалғайтын жол салынуына байланысты бұл нысанның жұмысы уақытша тоқтатылған.
«Балалар темір жолына біз жыл сайын миллиондап қаражат саламыз. Жалпы, бұл жерде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жыл сайын 6 млн теңге бөлу жеткіліксіз, 80-90 миллион теңге керек», – дейді Қарағанды саябақтар және гүлзарлар басқармасының директоры В. Браунагель.