Қытайдағы қазақтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдағы қазақтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Қытайдағы қазақтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Бүгін ҚХР-дың 24 аймағында білім алып жүрген Қытайдағы қазақ студенттері бірлестігінің 2 мыңнан астам белсендісі саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір күн ораза ұстап еске алды.

  • 31 Мамыр 2016
  • 412
Фото - Caravan.kz


«Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық жылдарында құрбан болғандарды еске алу үшін өз еркімізбен ораза ұстап отырмыз. Бұл — біздің қазақстандағы отандастарымызды қолдау және Қазақстан тарихына құрмет көрсету. Себебі, өткенімізді білмей, алға жылжи алмаймыз», — деді «ҚазАқпаратқа» берген сұхбатында Қытайдағы қазақ студенттері бірлестігінің басшысы Жігер Қабинұлы. 
Оның айтуынша, қазіргі кезде шараға 2 мыңнан астам адам қатысқан. 
Еске сала кетейік, Қытайдағы қазақ студенттерінің бірлестігіне ҚХР-дағы қазақ диаспорасының 15 мыңнан астам азаматы кіріп отыр.