«KADEX-2016» халықаралық көрмесінде алғаш рет отандық əскери машиналар көрмеге қойылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«KADEX-2016» халықаралық көрмесінде алғаш рет отандық əскери машиналар көрмеге қойылады

«KADEX-2016» халықаралық көрмесінде алғаш рет отандық əскери машиналар көрмеге қойылады

Ертең Астанадағы ҚР күштерінің Авиациялық базасында 4-ші халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен əскери мүлік көрмесінде елімізде алғаш рет қазақстандық өндірістің «Арлан» броньдалған машиналары мен «Барыс» броньды транспортеры көрсетіледі.

  • 1 Маусым 2016
  • 1672
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы арнайы брифингте ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, полковник Оқас Сапаров мəлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.+

«Осы жылғы көрмеде  жаңа əскери технологияларға баса мəн беріледі. Əрі шара аясында алғаш рет қазақстандық өндірістің «Арлан» броньдалған машиналары мен «Барыс» броньды транспортеры көрсетіледі. Бұл ұрыс машиналары ҚР Қарулы Күштерінің мұқтаждығы үшін отандық кəсіпорында шығарылады», — деді ол.

Сонымен қатар, əскери көрмеде  «Қазақстан инжиниринг» АҚ 20 кəсіпорын арқылы өз өнімдерін ұсынады.