Алматы облысында екі бала бетон плитасының астында қалып қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында екі бала бетон плитасының астында қалып қойды

Алматы облысында екі бала бетон плитасының астында қалып қойды

1 маусымда күндіз Еңбекші қазақ ауданы Балтабай ауылында қайғылы оқиға орын алды. Ауыл шетінде 6 және 8 жасар екі бала қаза тапты, деп хабарлады Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

  • 2 Маусым 2016
  • 319
Фото - Caravan.kz


Белгілі болғандай, ескі су тартқыш ғимаратында ойнаған. Жүгіріп ойнап жүрген балалар бетон плитасының астында қалды.

«Еңбекші қазақ АІІБ қызметкерлері аталған фактіні  оқыс оқиға ретінде тіркеді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Тексеріс кезінде полицейлер балалар өліміне қатысты барлық жайды ескеріп, тиісті шаралар қабылдайды», — деп атап өтті облыстық полицияның баспасөз қызметінде.