Әсет Исекешев Шымкент қаласының ХҚО жұмысымен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әсет Исекешев Шымкент қаласының ХҚО жұмысымен танысты

Әсет Исекешев Шымкент қаласының ХҚО жұмысымен танысты

 

  • 2 Маусым 2016
  • 502
Фото - Caravan.kz

 

Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында болды. Онда ол  инвесторларға қызмет көрсету секторының жұмысымен танысты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының «ХҚО» департаментінің директоры Серік Авганбайевтың айтуынша, жыл басынан бері инвесторларға қызмет көрсету секторына 26 адам өтінішпен келген, деп мәлім етті ҰАҚ баспасөз қызметі.

Негізінен салықтық жеңілдіктер және кедендік баж бойынша кеңестер берілген. Инвесторлар көп жағдайда заңды тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу мемлекеттік қызметтеріне жүгінген.


Жуырда құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында инвесторларға қызмет көрсететін 19 сектор жұмыс істейді. Олардың екеуі елордада, үшеуі Алматы қаласында орын тепсе, облыс орталықтарының әрқайсысында бір-бірден ашылған. Бұл жерде жергілікті және шетелдік кәсіпкерлер бірқатар рұқсат ету құжаттарын ала алады. Секторлар «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді. Бұл инвесторлар үшін  бюрократиялық және әкімшілік кедергілерді айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Инвесторларға қызмет көрсету секторларына жыл басынан бері барлығы  600-ден  астам өтініш түскен.