Францияда бейбіт шеру соңы тәртіпсіздікке ұласты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Францияда бейбіт шеру соңы тәртіпсіздікке ұласты

Францияда бейбіт шеру соңы тәртіпсіздікке ұласты

Францияның Нант қаласында еңбек заңнамасының реформасына қарсы ереуіл өтіп, соңы тәртіпсіздікке ұласты, деп хабарлады 24.kz.

  • 3 Маусым 2016
  • 395
Фото - Caravan.kz

Басында шеру бейбіт түрде өткен. Кейін жиылған жұрт дүкендердің терезелерін қиратып, жанғыш сұйықтық құйылған құтыларды лақтыра бастаған.

Тәртіп бұзған бірнеше адам қамауға алынды. Бірақ олардың нақты саны әзірге белгісіз. Қазір шаһар тыныштығын полиция мен арнайы жасақ бақылауға алды. Дегенмен, еңбек министрі ұсынған заң жобасына қарсы наразылық шаралары әлі басылмай тұр.

Құжат қызметкерлердің жұмыс сағатын көбейтіп, үстемақы мөлшерін азайтуды көздейді.