Алматы облысында жоғалған бес жасар қыз өлі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жоғалған бес жасар қыз өлі табылды

Алматы облысында жоғалған бес жасар қыз өлі табылды

 

  • 6 Маусым 2016
  • 511
Фото - Caravan.kz

Алматы облысында жоғалған бес жасар қыз өлі табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қыздың отбасының көршісі хабарлады.

Бес жастағы Хуршидам Жапарова 4 маусымда шамамен 11.00-де Еңбекшіқазақ ауданындағы Ават ауылында жоғалған болатын. Көршісінің айтуынша, қыздың денесін жергілікті тұрғындар мен полиция қызметкерлері 6 маусымда шамамен 01.00-де үйдің маңындағы су ағызу құбырынан тапқан. Қазіргі уақытта қыздың денесі мәйітханаға жеткізілді, мұнда оның өлімінің себебін анықтауға және дене зақымына қатысты сот-медициналық сараптама жүргізіледі. 

Еске салайық, қыздың жоғалғаны жайлы мәлімет әлеуметтік желілерде 5 маусымда таралған еді.