Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.
“Коррупция бабы бойынша сотталған Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев бүгін таңертең бостандыққа шықты. Қалған уақытыy ол тұрғылықты мекен-жайы бойынша Астана қаласында өткізеді”, – деді оның адвокаты Нұрлан Бекбергенов.
2015 жылы желтоқсан айында коррупция бабы бойынша бес жылға сотталған Бауыржан Әбдішевті босату туралы шешімді Қазыбек би аудандық соты 2016 жылдың 19 мамырында қабылдады.
Экс-әкім 2015 жылы желтоқсан айында бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовпен бірге сотталған еді. Ол қызметін асыра пайдалану, кәсіпорындар жұмысына кедергі келтіру және кәсіпке заңсыз араласу айыптары бойынша сотталған еді.