К.Мәсімов Білім министріне Ақтөбеде ҰБТ-ның дұрыс өтуін бақылауға алуды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
К.Мәсімов Білім министріне Ақтөбеде ҰБТ-ның дұрыс өтуін бақылауға алуды тапсырды

К.Мәсімов Білім министріне Ақтөбеде ҰБТ-ның дұрыс өтуін бақылауға алуды тапсырды

Бұл Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке  Ақтөбеде ұлттық бірыңғай тестілеудің дұрыс өтуін бақылауға алуды тапсырды.

  • 6 Маусым 2016
  • 396
Фото - Caravan.kz

«Кеше кешкісін балалардың қауіпсіздігі үшін екі пункттегі Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мерзімін 7 маусымға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Ата-аналар мен ұстаздарға қажетті мәліметтер берілді. Барлық пункттерде ҰБТ штаттық режімде жүргізілу үстінде. Егер сіздің тарабыңыздан тапсырма болатын болса, онда мен Ақтөбеге өзім барып, жағдайды бақылауға аламын», — деді министр ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке қарата.

«Барыңыз, жиналыстан кейін ұшып кетіңіз. Облыс әкімімен бірлесіп, бұл мәселені бақылауға алыңыз»,-  деді Үкімет басшысы.