Ақтөбеде қаскөйлердің қолынан мерт болған сарбаз жер қойнына тапсырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде қаскөйлердің қолынан мерт болған сарбаз жер қойнына тапсырылды

Ақтөбеде қаскөйлердің қолынан мерт болған сарбаз жер қойнына тапсырылды

Оңтүстік жұрты Ақтөбеде қаскөйлердің қолынан мерт болған сарбазды ақтық сапарға шығарып салды. 66/55 әскери бөліміне лаңкестер шабуыл жасағанда, Досбол Сапар патрульдік топтың құрамында кезекшілік етіп жүрген. Алғашқылардың бірі болып қаскөйлерге тойтарыс беруге ұмтылған. 19 жастағы бозбала – Шардара ауданы Көксу ауылының тумасы. Бір әулеттің тұңғышы Отан алдындағы борышын өтеу үшін өзі қоймай жүріп былтыр күзде сұранып кеткен. Артында қарындасы мен інісі қалды. Ата-анасы мен бауырлары Досболдың болашағынан үлкен үміт күтетін. «Өйткені бауырмал жігіт кімге болса да қол ұшын созып, көмектесуге әзір тұрушы еді», - дейді көпшілік. Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі марқұмның отбасына бір реттік көмек ретінде 5 млн теңге бөлді. Өзі туған ауылындағы бір көшені Досбол Сапардың атымен атау туралы да бастама көтерілді.

  • 7 Маусым 2016
  • 289
Фото - Caravan.kz


Бекзат Сүгірәлиев, сыныптас досы:

— Сыныптастардың ішінде орны ерекше бала еді. Өзіне тән батырлығы бар. Сыныптастардың ішінде алғашқылардың қатарында кетті әскерге. Көкпарға, спортқа деген қызығушылығы бар еді. Әлішер Әбдірәсіл, Ұлттық ұланның Батыс өңірлік қолбасшылығының басқарма басшысы: — Дәл осы жағдай тек қана біздің 66/55 Батыс өңірлік қолбасшылығы емес, Ұлттық ұлан үшін, еліміз үшін де қайғылы жағдай деп ойлаймын. Және қатардағы Сапардың әке-шешесіне осындай батыр ұл тәрбиелегендері үшін рақмет айтып, қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.