Полицейлер хабарлағандай, бұрын басы істі болған 35 жастағы ер адам саяжай учаскесіне кіріп, жеті раушан гүл бұтасын және жиырма лалагүл тамырын жымқырды. Саяжай иелері келтірілген залалды 95 мың теңгеге бағалады. Жуырда тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.