Назарбаев: Содырлардың бәрін ұстап, қарсылық танытса көзін жою керек - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев: Содырлардың бәрін ұстап, қарсылық танытса көзін жою керек

Назарбаев: Содырлардың бәрін ұстап, қарсылық танытса көзін жою керек

 

  • 8 Маусым 2016
  • 341
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақановты қабылдады, деп хабарлайды 24.kz.

Ақтөбедегі террорлық әрекеттерге қатысқан 13 лаңкестің көзі жойылып, тағы алтауы іздестіріліп жатыр. Бұл туралы бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақанов Елбасына есеп беру аясында мәлімдеді. Ведомство басшысы Президентке лаңкестікке қарсы операциялардың нәтижесін баяндап, атқарылып жатқан істерді алға тартты. Қолда бар ақпарат бойынша іздеудегі содырлардың барлығы Ақтөбе облысының аумағында жүр. Елбасы елді дүрліктірген бұл оқиғаға қатысқандарды тауып, қатаң жазалауды тапсырды.