Шығыс Қазақстанда Ертіс өзені балықтарының қырылу себебін анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда Ертіс өзені балықтарының қырылу себебін анықтады

Шығыс Қазақстанда Ертіс өзені балықтарының қырылу себебін анықтады

Табиғатты қорғау прокуратурасында ШҚО аудандарының бірінде балықтың қырылу себептерін анықтады. Мамандардың бастапқы нұсқасы расталды.

  • 9 Маусым 2016
  • 258
Фото - Caravan.kz

Балықтар ГЭС турбинасының механикалық әсерінен зардап шеккен, деп хабарлады YK-news.kz

Еске салсақ, 23 мамырда Огневка кенті ауданында жергілікті тұрғындар өлі балықтар жағаға шығып қалғанын байқаған. Экологтар өзеннен сынама алып, 18 химиялық заттың бар-жоғын тексерді.  Барлық көрсеткіш рұқсат етілген норма шегінде болып шықты.

Ғылыми ұйым ихтиологиялық сараптама жүргізді. Қорытындыға сәйкес өлім-жітімге әкелетін механикалық зақымдану анықталды.


«Балықтардың қырылуына Бұқтырма ГЭС қызметі ықпал еткен. — деп хабарлады ШҚО табиғатты қорғау прокуратурасының баспасөз қызметі. — ГЭС қызметінің теріс ықпалы бөлігіндегі заң бұзушылықты жою, сондай-ақ келтірілген зиян сомасын айқындау мақсатында табиғатты қорғау прокуратурасы аумақтық инспекцияға тиісті тексеру жүргізу туралы ұсыным енгізді».