"Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы басшысы Ермегияев 14 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы басшысы Ермегияев 14 жылға сотталды

"Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы басшысы Ермегияев 14 жылға сотталды

 

  • 9 Маусым 2016
  • 445
Фото - Caravan.kz

Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс жасады деп айыпталған "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен 14 жылға бас бостандығынын айырылды, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

Мемлекеттік айыптау сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс жасағаны үшін Ермегияевті 14 жылға бас бостандығынын айыруды сұрады. Ермегияев өзіне тағылған айыппен келіспеді. 

Бұдан бұрын Әділхан Шайхисламов үкімді жариялау күнін 10 маусымға белгілеген, алайда жариялау мерзімін 9 маусымға ауыстырды. 

"Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысына ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігіндегі «б» тармақшасымен қарастырылған ауыр қылмыстарды бірнеше рет қасақана жасады деген күдік келтірілген еді.

Талғат Ермегияев 2015 жылдың 12 маусымынан бері үйқамақта болған еді. Айыптаушының ақпараты бойынша, жымқырылған қаражат көлемі 10,2 миллиард теңгені құрап отыр. Онымен бірге 22 адам сот алдында жауап берді. Олардың негізгі бөлігі компания қызметкерлері болған. Қылмыстық іс 540 томға жетіп отыр.


Сот барысында 12 айыпталушы тергеумен келісімге келген. 14 айыпталушы өз кінәларын мойнына алды. Ермегияевтің өзі кінәні мойындаудан бас тартты.