Бүгін түнде Ақтөбе тұрғындары қаланың бірнеше ауданында тағы да мылтық дауысын естіген, деп жазады диапазон.кз-ға сілтеме жасап Караван.кз сайты.
Дереккөзге сүйенген сайт арнайы операцияның Жанқожа батыр көшесі аумағында түнгі 2 ден басталғанын жазады. Ал бейресми мәліметтер бойынша, лаңкестерді ұстау шарасы «Пантера» мен "Отырар" дүкені маңында жүргізілген. Қазір Алтынсарин көшесінен бастап Жанқожа батыр көшесіне дейінгі аумақ жабылып, Москва ауданы қоршауға алынған көрінеді.
Арнайы шара әлі де жалғасуда. Соңғы рет қару дауысы таңғы 8 дерде естіліпті.
Көп қабатты үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген.
Ал ҚР ҰҚК ресми сайтында “10 маусымда Ақтөбе облыстық терроризммен күрес жедел штабы Ақтөбедегі терактіні ұйымдастырғандарды ұстау операциясын жүргізуде. Олар оңай берілмей қарулы қарсылық көрсетуде”, – деген хабарлама тарады.
Операция нәтижелері кейінірек хабарланбақ.