«Қазақстан Республикасының Антитеррорлық орталығы Ақтөбе облыстық лаңкестікпен күрес жедел штабының іздеуде жүрген Б.Қуанышбаев пен Ә.Ақпанбетовті ұстағанын хабарлайды» делінген ақпаратта.
Толығырақ мәлімет қосымша айтылатынын жеткізген ҰҚК баспасөз қызметі бұл жолы қала тұрғындары арасында өлім-жітім жоқ дейді. Ал Қуанышбаев пен Ақпанбетовтің сыбайласы – Арсен Таңатаров әлі іздестіріліп жатыр.
Естеріңізге салсақ, Ақтөбедегі лаңкестік әрекет 5 маусымда болған еді. Қарулы топ екі қару-жарақ дүкеніне, әскери бөлім мен полиция бекетіне шабуыл жасады. Осы оқиға салдарынан 7 адам қаза тауып, 38-і зардап шекті. Лаңкестерге қарсы арнайы операция әлі жалғасуда.