"Бүгін сағат 13.37-де Астана әуежайына қонып жатқан Ту-134 ұшағының шассидің сол жағында орналасқан екі дөңгелегі жұлынып кетті. Экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ. Мұны авиациялық оқиға деп айтуға болады", — деді Колбачаева.
Оның айтуынша, ұшақ Алматы-Астана бағытында ұшқан.
"Болжам бойынша, оқиға ұшу-қону жолағында жатқан заттан болған. Дөңгелектер жаңа. Ұшақтар штатты режимде қонып жатыр. Ұшақ әуелі қонған, содан кейін ғана дөңгелектері шығып кетті. Ұшқыштың қателігі емес", — деді ол.
"Осыған байланысты сағат 14.00-14.40 арасында Астана әуежайы жұмыс істеген жоқ. 14.40-тан бастап әуежай жұмысын штатты режимде жалғастырып жатыр", — деді Астана әуежайының өкілдері.