Бұл туралы Жас қазақ жазады.
Синьхуа агенттігінің ақпаратынша, төрт провинцияда, сондай-ақ Гуанси-Чжуан автономды ауданында табиғи апаттан 1,4 мыңнан аса үй қираған, көптеген ғимаратқа зиян келді. Жүздеген адам із-түссіз жоғалды. 13 адамның көз жұмғаны расталып отыр, ондағаны жапа шеккен. Қазіргі таңда оқиға орнына өрт сөндірушілер, полиция, құтқарушылар мен дәрігерлер тартылған.