Үндістанда сиыр министрлігі құрылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістанда сиыр министрлігі құрылуы мүмкін

Үндістанда сиыр министрлігі құрылуы мүмкін

Үндістанда өздері қасиетті деп санайтын сиырлардың құқығын қорғайтын арнайы министрлік құрылмақшы, деп жазады The Wall Street Journal.

  • 17 Маусым 2016
  • 540
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы gazeta.ru хабарлады.

Бұл мәселені көтеріп отырған Дүниежүзілік индуистік кеңес өз ұсыныстарын премьер-министр Нарендра Модиға жолдаған. Парламент шілде айында басталатын отырысында бұл мәселені талқыламақшы.

«Сиыр — өміріміздің нышаны, мәдениетіміздің көрінісі. Оған жеткілікті түрде көңіл бөлінбей келеді», дейді есімін атамаған шенеунік.


Оның айтуынша, бұл бастама жүзеге асырылса, сиырлардың өлімі азаяды. Оған қоса, елдегі сүт өнімдерін өндіру мөлшері артады екен.