Алматыда нөсер жауынның салдарынан 25-тен астам ауланы су басты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда нөсер жауынның салдарынан 25-тен астам ауланы су басты

Алматыда нөсер жауынның салдарынан 25-тен астам ауланы су басты

Алматыда нөсер жауынның салдарынан 25-тен астам тұрғын үй ауласын су басты. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетова мәлім етті.

  • 17 Маусым 2016
  • 568
Фото - Caravan.kz


Оның айтуынша, кешелі бері Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің «101» кезекші бөліміне тұрғындар тарапынан аулаларды су басқаны туралы 50 шақты қоңырау шалынған.

«Аулаларды су басқаны жөніндегі хабарлардың ішінде 25-тен астам жағдай ғана расталды. Өйткені, бір оқиға бойынша бір емес, бірнеше рет хабарласқан абоненттер болды. Әсіресе Алатау ауданының тұрғындары тарапынан көп қоңырау шалынды. Қазір, Алматы қалалық ТЖД, аудандық әкімдіктер, Алматы қаласының құтқару қызметі бірлесіп, су басу салдарын жоюға күш салуда», — деді С. Баймұханбетова.

Айта кетелік, кеше кешке жауған жаңбыр салдарынан жерасты өткелінің баспалдағы арқылы аққан су Алатау метро бекетіне құйылған еді. Бірақ, метро қызметкерлері су басу салдарын өздері жойды. 

null null null null null null null null