Алматыда Mega Alma-Ata орталығының төбесіне қағылған гипсокартонның фрагменті құлады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Mega Alma-Ata орталығының төбесіне қағылған гипсокартонның фрагменті құлады

Алматыда Mega Alma-Ata орталығының төбесіне қағылған гипсокартонның фрагменті құлады

Бүгін Алматыда нөсер жауынның салдарынан Mega Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығының төбесіне қағылған гипсокартонның сынығы еденге құлады. Бұл туралы Mega Center Management коммуникация департаментінен хабарлады.

  • 17 Маусым 2016
  • 318
Фото - Caravan.kz

«Бүгін Алматыда күндізгі сағат 13:20-да MEGA-2-нің төбесінен гипсокартонның бір сынығы еденге құлады. Оған су ағатын құбырдың жарылуы себеп болды. Қазір оқиға орнында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ», — делінген департаменттің хабарламасында.

Айта кетелік, бұған дейін нөсер жауынның салдарынан әл-Фараби даңғылын су басқандығы және Есентай Молл кешені тұсындағы жерасты өткелінің суға толғандығы туралы хабарланған болатын.