«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 18 маусымда Алматыда өткінші жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде +15… +17, ал күндіз +25…+27 градус ыстық болады.
19-20 маусым аралығында да өткінші жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде +15… +17, күндіз +25… +27 градусты көрсетеді.
Ал 21 маусымда ауа температурасы төмендейді, түнде +13… +15, күндіз +21… +23 градус болады.
23 маусымнан кейін ауа райы ашық болады деп күтілуде.