«Сүреңсіз күннен кейін таң да арайлап атады! Оны мен білемін! Күннің көзін қара бұлтпен, найзағаймен тұмшалап тастауға болады. Бірақ ол шұғыласын шындап шашса, күн сәулесі бәрін жарып шығады! Мен сіздерге дұғаларыңыз, қолдауларыңыз, мейірім мен түсініктеріңіз үшін алғыс айтамын! Мен өмір бойы тек жақсылыққа, жарқын да жайлы күндерге үміт артып, соны армандаумен өтемін! Сіздер жасаған дұғалардың арқасында әлі де өмір сүріп, еңбек етіп, адамдарды сүйіспеншілігіме бөлей беремін деп ойлаймын!» деп жазыпты ол.
Естеріңізге салсақ, продюсерді күйеуі Бақытбек Есентаев Алматы облысындағы Құлжа трассасы бойында, Еңбекші ауылының тұсында соққыға жыққан еді. Тіпті ол әйелін пышақтап тастаған. Ал Баян Есентаева ауыр жағдайда Талғар ауруханасына жеткізілді. Күйеуі осы ауданның ішкі істер бөліміне қамалды. Полицияның мәлімет бойынша, Бақытбек Есентаев әйелін соққыға жыққан кезде мас болған. Бұл 10 маусымда болғанеді. Ал 13 маусымда Есентаев екі айға қамауға алынып, оған қатысты «адам өлтіруге оқталды» деген баппен тергеу ісі басталды. Айта кетейік, ауруханада ота жасалған продюсер оқиға болған күннің ертеңіне есін жиған болатын.