Шымкент әкімі қала көшелерінің жағдайын көріп қайтты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент әкімі қала көшелерінің жағдайын көріп қайтты

Шымкент әкімі қала көшелерінің жағдайын көріп қайтты

Қала əкімі Ғ.Əбдірахымов қала көшелерінің жағдайын көріп қайтты, деп хабарлайды облыс әкімдгінің баспасөз қызметі.

  • 20 Маусым 2016
  • 359
Фото - Caravan.kz

Сапалы жолдар- жол козғалысы кезінде тұрғындардың қауіпсіздігінің жəне өмірі мен денсаулығының кепілі!  Осыған байланысты қала əкімі Ғ.Əбдірахымов қаладағы көшелерді аралап көріп шықты. Жолдардың жағдайын тексеру барысында бірнеше кемшіліктер анықталды.

Мысалы, әл-Фараби көшесінде аяқ жолдың плита тақтайшалары толығымен қойылмаған жəне жолдан жағасындағы арықтардың беттері темір торлармен жабылмағандықтан адамдар аяқ жолдарға шығу үшін арықтардан аттап өтуге мəжбүр болуда. Сонымен қатар, бірнеше автобус аялдамаларында отыратын орындықтардың жоқтығы аныкталып, қала басшысы əкімдік қызметкерлеріне алдағы уақытта орын алған кемшіліктерді жойып,  жолдың жағдайын үнемі бақылап отыруды тапсырды.

null
 null