1 шілдеден бастап Еуропалық Одаққа төрағалық ететін ел — Словакияның сыртқы істер министрі Мирослав Лайчак Еуропа үкіметі ұзақ уақыт бойында елдеріндегі саясаткерлердің санкцияны алып тастау жөніндегі талаптарын елемей отыра алмайтындарын жеткізді. Министр Ресейдің ЕО елдеріне энергия жеткізуші ірі елдердің бірі болып қала беретінін де ескерген жөн дейді. Словакияның пікірінше, антиресейлік санкция проблемасына қатысты "саяси пікірталас" үлғайып барады. Reuters агенттігінің жазуынша, Ресейге салынған санцияны жеңілдетуге Италия, Болгария және Грекия елдері тырысып жатыр.
Бірақ соған қарамастан сейсенбі күні ЕО мүшелері Брюссельдегі кездесулерінде санкцияны жылдың соңына дейін ұзартады.