Астанада жоғалып кеткен Балдырған Сыбанбаеваның мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жоғалып кеткен Балдырған Сыбанбаеваның мәйіті табылды

Астанада жоғалып кеткен Балдырған Сыбанбаеваның мәйіті табылды

 

  • 27 Маусым 2016
  • 394
Фото - Caravan.kz

Астанада жоғалып кеткен Балдырған Сыбанбаеваның мәйіті табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"26 маусымда шамамен сағат 12.00-де Пригородный ауылының маңында із-түссіз жоғалып кеткен азаматша Сыбанбаеваның зорлық белгілері бар мәйіті табылды. Тергеу шараларының барысында туыстары жәбірленушіні таныды", — деп хабарлады ІІД өкілдері.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-ның "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы тергеу мүддесімен байланысты айтылмай отыр.


 
Балдырған Сыбанбаева. © Vk.com

Айта кетейік, биыл 19 маусымда Астана қалалық ІІБ кезекші бөліміне Астана қаласының тұрғыны хабарласқан болатын. Ол 18 маусымда шамамен сағат 03.00-де оның туысы Балдырған Сыбанбаеваның "Ретро" түнгі клубынан шығып, қайта оралмағанын хабарлаған еді.

Кейін келіншектің ағасы іздестіру жұмыстарына қатысты жаңа деректерді айтты.