Ыстамбұлдағы теракт құрбандары саны 43-ке жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ыстамбұлдағы теракт құрбандары саны 43-ке жетті

Ыстамбұлдағы теракт құрбандары саны 43-ке жетті

Ыстамбұл әуежайындағы теракті құрбандары саны 43 адамға жетті. Қаза тапқандар арасында 13 шетел азаматы бар. Терактіден 239 адам зардап шеккен. Олардың 128-і ауруханада, оның ішінде 40-ы жан сақтау бөлімінде жатыр.

  • 30 Маусым 2016
  • 318
Фото - Caravan.kz


28 маусым күні кешке Ыстамбұлдың халықаралық Ататүрік әуежайында үш адам терминалға кіреберістегі бақылау-өткізу бекетінде қарудан оқ атып, оның екеуі әуежайға кіріп, өздерін жарып жіберген. Бір жанкешті ғимарат сыртында полицей атқан оқтан жараланып, жерге құлаған соң өзін-өзі жарған.

Әзірге шабуылға жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ. Бірақ Түркия билігі терактіні экстремистік "Ислам мемлекеті" ұйымы жасаған болуы мүмкін дейді. 29 маусымда АҚШ Орталық барлау басқармасының (немесе ЦРУ) директоры Джон Бреннан да осындай пікір айтып, ИМ АҚШ территориясы мен оның шетелдердегі нысандарына шабуыл жасауға дайындалып жатқанын мәлімдеген.