Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, тағы төртеуі жарақаттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, тағы төртеуі жарақаттанды

Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, тағы төртеуі жарақаттанды

Бүгін түнде Алматы облысы Қарасай ауданында «Жандосов - Ұзынағаш» тас жолының 44 шақырымында «Лада-Приора» және «Митсубиси монтеро» жол талғамайтын көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.

  • 2 Шiлде 2016
  • 514
Фото - Caravan.kz


Белгілі болғандай, «Лада» көлігінде болған 3 адам оқиға орнында көз жұмды.

Тағы 4 адам, оның арасында кәмелет жасқа толмағаны да бар, түрлі жарақатпен Қаскелең қаласының ауруханасына жеткізілді.

«Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Алдын ала нұсқа бойынша «Лада-Приора» көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп,  «Митсубисиге» соғылған», — деді облыстық ІІД баспасөз қызметінен.