Алматы облысының өзендерінде сел жүруі мүмкін - Алматы ТЖД - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының өзендерінде сел жүруі мүмкін - Алматы ТЖД

Алматы облысының өзендерінде сел жүруі мүмкін - Алматы ТЖД

Нөсер жауындар болады деген болжамға байланысты жақын тәуліктерде Алматы облысының өзендерінде су тасқыны болып, сел жүруі ықтимал. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

  • 4 Шiлде 2016
  • 321
Фото - Caravan.kz


«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті «Қазгидромет» РМК 2016 жылғы 4 шілдедегі №61-ші  «Апатты гидрометеорологиялық құбылыс» ескертпесі негізінде тұрғындарға ескертеді!

Нөсер жауындар болады деген болжамға байланысты, бүгін 4 шілде және жақын тәуліктерде Алматы облысының өзендерде су тасқыны болып, сел жүруі мүмкін. Кейбір жерлерді су басуы ықтимал», — делінген хабарламада.