Исекешев Астана көшелеріндегі сел үшін халықтан кешірім сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Исекешев Астана көшелеріндегі сел үшін халықтан кешірім сұрады

Исекешев Астана көшелеріндегі сел үшін халықтан кешірім сұрады

Астана әкімі Әсет Исекешев қала көшелеріндегі сел үшін кешірім сұрады.

  • 23 Шiлде 2016
  • 395
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

“Астана қаласының құрметті тұрғындары! Жауын-шашын салдарынан болған Астана көшелеріндегі сел үшін әкімдіктің атынан кешірім сұраймын. Қаланың қарқынды дамуы жауын-шашын суын тасымалдайтын канализацияның қандай жағдайда екенін көрсетті. Казгидрометтің хабарлауынша, Астанадағы бірнеше күннен бері жауған жауын-шашын мөлшері бір айлық норманы құрайды екен”, – дейді астана әкімі.

Исекешев әкімдіктің қаланы қайта қалпына келтіру шараларын қолданып жатқанын айтты. “107 арнайы көлік сел астында қалған көшелердің суын тәулігіне 24 сағат бойы сорып алуда. Бір тәуліктің ішінде әлгі көліктер 100 мың куб метр суды сорды”, – дейді шенеунік.


Мұнымен қатар, ол өткен жылы қала әкімдігінің бұл мәселені шешеуінің жаңа жолдарын тапқаны туралы айтқан болатын. Көшелерге тазалау құрылғыларын орнату мәселесіне қатысты көптеген жоба жүзеге асырылған екен. Мыңжылдық және Иманова көшелеріндегі насостардың қуаты арттырылған.

“Қала аумағындағы сел канализациялары жүйесіне қатысты мәселелерді халықаралық институттардың, инженерлер мен эксперттердің көмегімен шешіп жатырмыз. Бұл жұмыстың нәтижелерін күздің басында қалалық кеңес кезінде көрсететін боламыз”, – дейді ол.