Қыркүйектің соңында еліміздің қай жерлерінде қар жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыркүйектің соңында еліміздің қай жерлерінде қар жауады

Қыркүйектің соңында еліміздің қай жерлерінде қар жауады

Елдің батысында белсенді циклонның ықпалымен таяу үш күнде ауа райының тұрақсыздығы сақталады. Солтүстік-батыстан жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

  • 2 Қыркүйек 2016
  • 1281
Фото - Caravan.kz

«Қазгидромет» РМК атап өткендей, ауа температурасы күндіз 15…23-тен 23…28 дейін жылы болады. Қалған аумақ та антициклон ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады. Бұл ретте елдің шығысы мен орталығында түнде 0°С-қа дейін төмендеп, күндіз 20-28 шегінде болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 30…37 дейін жылы болады. Келесі аптада батыстан шығысқа белсенді циклонның өтуімен өткінші жауын жауады, жел 15-20 м/с-қа жетеді. 10-13 қыркүйек аралығында Таймыр аудандарынан суық ауа ағынына байланысты температура елеулі төмендейді деп күтілуде. СҚО, Қостанай, Ақмола, Павлодар, ШҚО-да түнде күн суытып, күндіз 15-20 градус жылы болады.

Ұзақмерзімді болжамға сәйкес үшінші онкүндікте күн суыта түседі. Онкүндік соңында өткінші жылы ауа райы алмасып отырады. Солтүстік аудандарда жауын-шашын болып, жылбысқы қар жаууы ықтимал.


Айда орташа ауа температурасы БҚО, Атырау Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, ОҚО, Жамбыл облыстарында сақталып, нормаға жуық болады. Ал қалғандарында нормадан жоғары. Жауын-шашын БҚО, Атырау, Қостанай, Ақтөбе, СҚО-да нормадан жоғары, ШҚО-да, Қызылорданың басым бөлігінде, Маңғыстау, Қарағанды, ОҚО жекелеген аудандарында, Жамбыл облыстарында нормадан төмен, қалған аумақта нормаға жуық болады.