Тәулік ішінде ол 5 млн көрермен жинады. Он мыңдай лүпіл, жүздеген әзіл, пікірлер жазылды.
Бұл ролик «Астана Банк» АҚ жарнамалық науқанының бөлігі болып шықты.
«Астана банкі» командасы мүшелерін мұндай ойға көпшілігіміздің іш пыстырарлықтай өмір сүріп жатқандығымыз итермелеген.
«Өмірде адамдар күйкі тірліктің құлына айналғандай, қызықты оқиғаларды аз кешеді. Өмірдің өзі өтпелі, өлшеулі. Бос арманға берілмей, іске көшіп, арманымызды шындыққа айналдыруға асыққан жөн. Ерекше жағдайда желіге шыққан вирустық ролик біздердің армандардың орындалатынына сене бермейтінімізді дәлелдегендей», — деп атап өтті банкте.