Түркістандықтар Жазираға темір «тұлпар» мінгізді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістандықтар Жазираға темір «тұлпар» мінгізді

Түркістандықтар Жазираға темір «тұлпар» мінгізді

Түркістан қаласындағы орталық Есімхан алаңында шаһар тұрғындары Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл мен 19 жастағы түркістандық палуан Дидар Хамзаны зор қошеметпен қарсы алды.

  • 3 Қыркүйек 2016
  • 916
Фото - Caravan.kz


Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, байрақты бәсекеде ел намысы үшін сынға түскен қос саңлақты алдымен, қала әкімі Ә.Өсербаев құттықтап, қаржылай сый-сыяпат жасады. Сонымен бірге, облыстық мәслихат депутаты Р.Тәңірбергенов сөз алып, күміс жүлделі қызға жеңіл автокөліктің кілтін салтанатты жағдайда табыс етті.
Ерекше ықылас білдірген қала жұртшылығына алғысын жеткізген Жазира Жаппарқұл өз сөзінде Түркістан қаласының жастарын «Ә.Нұрмаханов атындағы облыстық олимпиада резервін даярлайтын спорт мектебінен» ашылған ауыр атлетика үйірмесіне қатысуға шақырды.

null null null null